Жаңалықтар

Атырау облысында жарымжан балаларды қинаған

Атырау облысында жарымжан балаларды қинаған

Атыраудағы арнайы орталық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың аяқ-қолын байлап, қысым көрсетіп жатқан видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Анықталғандай жантүршігерлік кадрды арнайы әлеуметтік мекеменің бұрынғы қызметкері түсірген. Ол өзінің әріптестері мен орталықтың атына арыз жазып, әкімдікке шағымданыпты. Оның айтуынша күтушілер  жарымжан балаларға қажетті көмек көрсетпейді.  Балаларға мерзімі өтіп кеткен тағамдарды беріп, қараусыз қалдырып, тіпті қол-аяқтарын байлап тастаған. Оларды  келемеждеп, балағаттайтын көрінеді.  Мемлекет тарапынан орталыққа қырауар қаржы бөлінгенімен, одан балаларға ештеңе тимейді, дейді. Осы іске байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ "Аталған факті бойынша 2021 жылдың 31 шілдесінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда, қылмысқа күдікті екі тәрбиеші короновирустық инфекция жұқтыруына байланысты ем қабылдауда. Ал, интернаттағы балалардың денесінен дене жарақаттары анықталған жоқ».