«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөз

16 Қыркүйек, 2019 547 0

Шамалған станциясында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде апатқа ұшыраған автобустың ішінде болған жолаушылардың бірі не болғанын айтып берді. Оның сөзінше, жүйткіп келе жатқан пойызда көрген қоғамдық көлік жүргізушісі ешнәрсе істей алмайтынын айтқан. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгердің сөзінше, қайғылы жағдайдың алдында жүргізуші ешнәрсе істей алмайтынын айтқан. Ол автобустың есігін ашқаннан кейін, ішіндегі жолаушылар сыртқа қаша бастапты.

«Жүргізушіден есік ашуын сұрады. Ол ашқаннан кейін, барлығы қашып шықты. Жүргізуші: «Мен ешнәрсе істей алмаймын», - деді. Сондықтан бәрі қашты. Ол көз жұмды», - дейді автобус жолаушыларының бірі. 


Тегтер: Шамалғанстанция, автобус, жолаушылар, жүргізуші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.