Жемқорлыққа жол бергендерге жаза күшейтілді
Жемқорлыққа жол бергендерге жаза күшейтілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің өкілдері Келес АПБ-нің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды Newsroom.kz.тілшсі.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің өкілдері Келес АПБ-нің жеке құрамымен кездесті Жиында «Заңсыз сыйақы үшін көрілетін жазаның күшейтілгені» туралы кең көлемде баяндалды. 2021 жылдың 5 сәуірінде толық күшіне енген ҚР ӘҚБтК-ге енгізілген өзгерістер таныстырылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынның негізгі мақсаты – әділдік, айқын құндылықтарының халық арасында кеңінен насихаттау арқылы ел азаматтарының бойында адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Сондай-ақ, жиын соңында заңсыз сыйақы әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатынын ескерткен қатысушылар, барша қызметкерлерді парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.