Жаңалықтар

Түркістан: Ауыл әкімдері сайлауында 242 учаске жұмыс істейді

Түркістан: Ауыл әкімдері сайлауында 242 учаске жұмыс істейді

 width=   Түркістан облысында аудандық, қалалық аумақтық сайлау коммиссияларының шешімдерімен барлығы 181 ауыл округінің 60-да жаңа форматтағы тікелей сайлау өтеді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 25-маусымындағы Жарлығының негізінде ҚР Орталық Сайлау комиссиясының Қаулысымен ел аумағында өкілеттігі аяқталған ауыл округтері әкімдерінің тікелей сайлауы ағымдағы жылдың 25-шілдесіне белгіленген. Түркістан облысында аудандық, қалалық аумақтық сайлау коммиссияларының шешімдерімен барлығы 181 ауыл округінің 60-да жаңа форматтағы тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл округінің әкімдігіне облыстағы тіркелген әр саяси партиялардан бір үміткерден ұсынылса, өзін-өзі ұсынатын үміткерлерге шектеу қойылмайды. «Сайлау кезінде өңірлерде 242 учаске жұмыс істейді. Сайлауға жалпы 262 500 дауыс беруші қатысады деп күтілуде. Сайлау кезінде облыстағы барлық учаскелерінде карантиндік талаптар қатаң сақталатын болады. Ауыл әкімдігіне ұсынылу мерзімі ағымдағы жылдың 26 маусымда басталып, 9 шілдеде сағат 18:00-де аяқталған болатын. Қазірге дейін жалпы 285 үміткер тіркелсе, олардың талаптарға сәйкестіктері тексерілген соң 252 үміткер қалған», – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.