Иманды болсын! Бұл дүниеден Аманкелді Сейітқан озды
Иманды болсын! Бұл дүниеден Аманкелді Сейітқан озды
Қазақ журналистикасы тағы бір қара нарынан айырылып қалды. Әйгілі спорт комментаторы, қазақ телевизиясының ардагері, ақпарат саласының үздігі Аманкелді Сейітқан 52 жасында дүниеден озды.
Ол 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы «Спорт» газетінде бастап, қазақ журналистикасының спорт саласын бір кісідей меңгерген ардагер журналист еді. 1997 жылдан бері «Хабар» агенттігінде қызмет атқарды. Ол сонау жылдары айтыс аламанында да атой салған суырып салма ақын еді. Қалың көрермен іздеп отыратын, үлкенге ізетті іні, кішіге арқалы аға бола білген біртуар тұлға көзінің тірісінде-ақ аңыз адамға айналды. Қош бол, Аман аға! «Хабар» арнасындағы қара орманың – ұжымың, іні-қарындастарың қайғыдан қан жұтып отыр.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарына newsroom.kz ақпарат агенттігінің атынан қайғырып көңіл айтамыз.
[embed]https://youtu.be/mO_5YpP6oVM[/embed]