Өзінің гей екенін айтып қойған өзбек жігітті өлтіріп кетті

14 Қыркүйек, 2019 532 0

25 жастағы Шокир Шавкатов әлеуметтік желіде өзінің гей екенін мойындаған. 

12 қырқүйекте Ташкентте гей екенін мойындаған 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды  «Настоящее время» басылымы. 

25 жастағы Шокир Шавкатов әлеуметтік желіде өзінің гей екенін мойындаған. Араға  1 күн салып белгісіз біреулер оны өлтіріп кетті.

Қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер тұтқындалды. 

Алдын ала болжам бойынша, Шокирді 40 жас шамасындағы екі ер адам пәтерге апарып, соққыға жығып өлтіріп кеткен. Денесінде пышақ жарақаттары болған.

Тәжікстан мен Өзбекстанда гомосексуализм - қылмыс.


Тегтер: өзбекстан, гей, жігіт, қылмыс, мойындау, тәжікстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.