Жаңалықтар

Лукашенко КСРО-ның құлағанына кім кінәлі екенін айтты

Беларусь президенті А.Лукашенко КСРО-ның ыдырауына Ресейдің экс-президенті Б.Ельцин мен КСРО-ның бірінші президенті М.Горбачевті кінәлады.

Бұл туралы lenta.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Оның ойынша Горбачев пен Ельциннің жеке бас араздықтары мемлекеттік деңгейге көтеріліп, нәтижесінде алып империя құлап қалған. Лукашенконың пікірінше Беловеж келісімі сол кездегі КСРО басшылығының елді басқарудағы «мисыздықтары мен қабілетсіздіктерін» көрсеткен. 1991 жылғы 18-21 тамызда «тамыз путчы» деген атауға ие болған оқиға орын алды. Шенеуніктер мен мемлекеттік органдар оларды қастандық, төңкеріс және Конституцияға қарсы билікті басып алу деп айыптаған. Сол күндері пайда болған ТЖМК РСФСР басшылығына: президент Борис Ельцин және вице-президент Александр Руцкой қарсы болған. Олардың шақыруы бойынша Ақ үй ғимаратына мыңдаған адамдар жиналған еді. 1991 жылғы желтоқсанда РСФСР, Украина және Беларусь КСР басшылары Беловеж келісіміне қол қойды, ратификациядан кейін Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатты.