Жаңалықтар

Енді беташарға “QR” кодпен баруға болады!

Беташардың да түр-түрі бар. Қалыңдықтың ақ орамалына «QR» код жабыстырып, сәлеміне банк төлемі арқылы ақша салған тойшыл ағайынның видеосы желідегі жұрттың пікірін қақ жарды.

Бірі бұны беташардың қадірін қашырумен тең десе, өзгесі заманына қарай айласы деп ақтап отыр. Сонымен той қай өңірде болған? Бұған аға-буын өкілдері не дейді? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Беташарға қағаз ақша жоқ демеңіз, келіннің сәлемін алып, «QR» кодты сканерлеңіз. «Ал ағайын қазір ақшамды үйде ұмытып едім, нал ұмытып едім дегендерге арнайы мынау qr кодпен төлеуге болады» Иә, заман өзгерді,  беташардың небір түрін көз көрді. «Ал ағайын қошемет болсын да. Сен келін болсаң инабатты, үлкендерді сыйла қатты» Беташар еліміздің батыс өңірінде болған екен. Бұл жүздеген келіннің бетін ашып... «Бір-бірі үшін бәйгеге тігіп бастарын, қиналған кезде бөлісіп жеген ас дәмін» Талай тойдың басы-қасында жүрген Қабдол есімді жігіттің қалыңдығы. Соған қарағанда, әзілқой жігіт қонақтардың қағаз ақша таппай, соңында табаққа  түк салмай кеткен сәттердің куәсі жиі болған көрінеді. Алайда күйеу баланың бұл әрекетіне бәрі бірдей жылы шырай танытпады.  Жақтағандар да, даттағандар да табылды. «Қазақилықтан ауытқу, аттау бола ма + салтты қорлау болып табыла ма» «Болады негізі, неге болмайды. Иә қолдануға болады. Ыңғайлы ғой» Заманына қарай айласы, креативке әркімнің-ақ бар таласы. Аға-буын өкілдері де бұған үрке қараудың жөні жоқ дейді. ҚАРЛЫҒАШ БЕКПАТША, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Қағаз ақша қолданыстан кетіп бара жатыр. Қазірдің өзінде бұл үйреншікті жағдай. Ой салтымызға қарсы, дәстүрімізге қарсы-ау деген үркерліктей дүние емес. Қорқынышты, дәстүрімізді жойып жіберетін дүние деп ойламаймын» Беташарға банк төлемін енгізу  қаншалықты қисынды екенін қайдам, бірақ карантиндік шектеулердің өрескел бұзылғаны анық. «Бәрі дерзко бірақ, кондер че-то нето болып жатыр. жаман терлеп жатыр или өзімнің мондражым ба?». Енді креативпен көзге түскен жігіт қызыл аймақта думандатып той өткізгені үшін ірі көлемде айыппұл арқалауы мүмкін.