Жаңалықтар

Міндетті екпеге қарсы петицияға 150 мыңнан астам адам қол қойған

Көптеген азаматтар вакциналардың пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды. Ал эпидемиологтар мен дәрігерлер әлгі тұжырымды теріске шығарады.Қазақстанның кейбір азаматтары міндеттелген вакцинацияға қарсы петицияға қол қоюға белсенді түрде атсалысып жатыр, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Zakon.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Вакцина адам өміріне шынымен де қауіпті ме? Екпесіз өмір сүру мүмкін бе? Немесе вакцина салынбаса қоғам қандай күйге түседі? Ирина Абразумова егіз ұлдың анасы. Ирина талайға дейін бала көтере алмай, отбасы сәбилі болуды зарыға күткен. Мақсаттарына жетіп, бірнеше жыл бұрын дүниеге егіз ұл келді. Балаларының денсаулығын ойлаған олар жоспарлы екпе алған екен. Алайда, бір жарым аптадан кейін анасы балалары үшін уайымдай бастайды. Себебі олардың дамуы тоқтап қалған. Ата-анасы дереу дәрігерге жүгініп, мән-жайды білуге асығады.