Маңғыстауда кәсіпкерлерге арналған «Сәттілік марафоны» өтті

13 Қыркүйек, 2019 122 0

Кеше Маңғыстау облысында кәсіпкерлерг еарналған «Сәттілік марафоны» атты форум өтті. Тәжірибелік тренинг нәтижесінде кәсіпкерлер бизнес-жоспар жасап, өз идеяларын сарапшылардың қолдауымен нақты бизнеске айналдыруға қадам жасады. Сондай-ақ, форум қатысушылары стартапты қалай жылдам ақтауға болатыны жайында, салыққа қатысты барлық мәселелерді және нөлдік бюджетпен маркетингтің қандай құралдарын қолдануға болатыны туралы жан-жақты мағлұмат ала алды. Аталмыш жоба Маңғыстау облысындағы жаңа бастаған кәсіпкерлердің инновациялық және бизнес идеяларын қолдауға, әрі дамытуға жасалған үлкен мүмкіндік.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Тұранқызының айтуынша, осындай іс-шаралар арқылы аймақта кәсіпкерлікті дамыту - аймақтың экономикалық әлеуетінің өсуіне ықпал етеді және жергілікті бизнес-қауымдастық үшін жаңа мүмкіндіктера шады.

«Шелл Қазақстан» әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Жұлдыз Ғалиакпар: Форумның негізгі міндеті – бұрыннан келе жатқан және жаңа бастаған кәсіпкерлердің өсуіне мүмкіндік беру, оларды кәсіпкерліктің озық дағдыларын аүйрету екенін атап өтті.

Қазақстандағы ЕҚДБШОБ қаржыландыру және дамыту бағдарламасының жетекші менеджері Алма Қасымова өз кәсібін дамытуды қалайтын кәсіпкерлерге Форум шеңберінде танысатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Мұндай қадам жиналған қауым тарапынан қолдау тапты. Олар көптеген сұрақ қойып, білікті мамандардан жауап алды.

Кәсіпкерлік саласындағы соңғы трендтер туралы «Red Point Kazakhstan» маркетингтік коммуникация сервисінің негізін қалаушы Әсел Қожақова, TopSales басшысы Әсем Күзенбаева, Қазақстан кәсіпкерлерімен бухгалтерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Казанцевпен басқа спикерлер сөз қозғады. «MIMIORIKI» балалар киімінің қазақстандағы тұңғыш брендінің негізін қалаушы Инна Апенко іс-шараның хэдлайнер іболды.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар, форум

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.