Парақорлықтан жирен, парасаттылықты үйрен
Парақорлықтан жирен, парасаттылықты үйрен
Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапары барысында Департамент жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінде болып, бөлім қызметкерлеріне парасатты қоғамды қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді деп хабарлайды NewsRoomz.kz. порталы.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және адалдық және тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу - әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырып, мемлекеттік қызметшілерге енгізілген бірқатар шектеулерді хабардар етті.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.