Жаңалықтар

Заңнама енгізілген өзгерістер бойынша кезекті жиын өтті

Заңнама енгізілген өзгерістер бойынша кезекті жиын өтті

 width= ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Ордабасы ауданына сапары барысында аудандық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерімен жүздесіп, ел мүддесі жолындағы қызметтеріне адал болуға шақырды, деп хабарлайды NewsRoom.kz.порталы. ️Шарада жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі,  ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды. Кездесу соңында Ерұлан Тұңғышбаев аталған жаңа Әкімшілік Заңнамаға сәйкес,  мемлекеттік  функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.