Рудныйда журналист пәтерінен өлі табылды

13 Қыркүйек, 2019 353 0

Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан.

Солтүстік Қазақстанда шығатын "Игілікті іс" (орысшасы "Хорошее дело" - ред.) газетінің журналисі Сергей Петренконың Қостанай облысы Рудный қаласындағы пәтерінде мәйіті табылды. "Біздің Қостанай" сайты "алдын ала ақпарат бойынша, Петренконың жүрегі тоқтап қалғанын жазды. "Наша газета" сайты Петренконың туыстарына сілтеп, журналистің 11 қыркүйекте қоңырауларға жауап бермегенін жазады. Туыстары оны таңертең кілттенген пәтерінен тапқан. 

Биыл қаңтарда 42 жасқа толған Петренко мектеп бітірген соң кеніште істеп, кейіннен "Рудный жұмысшысы" газетінде тілші болған. Соңғы жылдары "Игілікті іс" газетінде істеген.

Дереккөз: ktk.kz

Тегтер: журналист, пәтер, өлім, Рудный

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.