Түркістан: Отырарлықтар Маңғыстауға көмек жөнелтті
Түркістан: Отырарлықтар Маңғыстауға көмек жөнелтті
Отырар ауданынан Маңғыстауға 4 вагон шөп жөнелтілді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.
Бүгін күллі мұсылман қауымы тәу ететін киелі Арыстанбабтан пір Бекеттің ауылына 4 вагонға тиелген 80 тонна шөп артқан эшалон жолға шықты. «Жұртымызды жұтатпайық», «Біз біргеміз!», «Отырар ауданынан Батысқа көмек» ұрандарымен ұйымдасқан отырарлықтар игі істі қолға алып, Батыстағы бауырларға көмек қолын созуда.
«Қуаңшылықтан қиындыққа тап болған батыстық ағайындарға бүкіл Қазақстан халқы жәрдем беруде. Осындай игі істен отырарлықтар да шет қалмайды. Біздің көмегіміз бүгінгі акциямен шектелмейді. Алдағы уақытта Батысқа жіберетін шөп көлемін 200 тоннаға жеткізбекпіз», – деді аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов.
«Отырар ауданынан Батысқа көмек» атты акция өз дәрежесінде өтуде. Мұндағы көзделіп отырған ең басты міндет – Батыс өңірінде орын алып отырған шөп тапшылығына байланысты ағайынгершілік ізгі ниетпен қол ұшын созу.