20% сұйықтық жоғалтса, адам жан тапсырады: Су туралы ақпаратты біле жүріңіз

13 Қыркүйек, 2019 269 0

Қазіргі уақытта біздің планетамыздың 70%-ын су басып жатыр. Дегенмен, осы судың тек 1%-ын ғана ішуге болады. Сонымен қатар, жыл сайын су ресурстарын пайдалану мәселесі де күшейе түсуде. Соңғы 50 жыл ішінде, әлемде судың жетіспеушілігіне байланысты 507 қақтығыс болды. Ал, суға байланысты туындаған 21 дау-дамайдың арты соғыс әрекеттерімен аяқталды.

Судың – планетадағы ең қарапайым және ең танымал зат екені бәріне белгілі. Бірақ сонымен бірге, су өзінде көптеген құпияларды жасырып жатыр. Ғалымдар су туралы көптеген қызықты деректер тауып, әлі де суды зерттеулерін жалғастыруда.

Судың пайдасы тию үшін оны дұрыс іше білу керек:

  • Бір дегенде 300 мл-нан артық ішпеу керек;
  • Тамақ ішер алдында 30 мин бұрын , ал ас ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін ішу керек;
  • Күнде таңертең қайнатылмаған жылы су ішу және сүннет бойынша бал қосып ішкен абзал;
  • Ересек адамға күніне 2-3 литр су ішу керек;
  • Суды отырып ішу керек.

Су туралы қызықты деректер:

  • Сұйық кезінде 5 түрлі, ал қатқанда 14 түрлі күйде болады;
  • Ғалымдар өзгешеліктеріне қарай 1300-ге жуық судың түрін тапқан;
  • Барлық тіршілік иелері судан тұрады: жануарлар — 75 %, көкөністер түріне қарай  -60-90%-ға дейін, Денеміздің 60-70% – ы судан тұрады: мидың – 75, қанның – 83, сүйектердің – 22, бауырдың – 86, бұлшықеттің – 75, бүйректің – 83 пайызы су. Ал, жануарлардың денесінде су азырақ. Ең қызығы – медуза 99 пайыз судан құралған.
  • адам денесі судан тұрады- жаңа туған бала 86%, егде адамдарда 50%-ға дейін;
  • Адам ағзасы 12% сұйықтықтан айырылса, дәрігердің көмегі қажет;
  •  20% сұйықтық жоғалтса, адам жан тапсырады;
  • Адам баласы сусыз тек 3-5 күн ғана өмір сүре алады;
  • Жердің беті 80 % судан тұрады, соның 1 % ғана ауыз суы;

Қосымша:

Ең таза су – Финляндияда

ЮНЕСКО-ның мәліметінше, әлемдегі ең таза су Финляндияда. Ал жалпы, табиғи таза суды анықтау үшін жүргізілген зерттеуге барлығы 122 ел қатысты. Сонымен бірге, бүкіл әлемде 1 миллиард адам қауіпсіз суға қол жеткізе алмай отыр.

Су әйнек секілді

Мұздатылған таза суды алып, оны ары қарай суыта берсе не болады? Мұндай кезде су керемет өзгерістерге ұшырайды. Минус 120 градус Цельсияда су ультра тұтқыр немесе қоймалжың болады, ал минус 135 градустан төмен температурада ол «әйнек» суға айналады. «Әйнек су» — бұл әйнек секілді кристалдық құрылымы жоқ қатты зат.

Су – ауру тасымалдайды.

Су өмір сыйлап қана қоймай, сондай-ақ онымен қош айтыстыра алады. Әлемдегі барлық аурулардың 85% -ы су арқылы беріледі. Ал жыл сайын осы аурулардан 25 миллион адам қайтыс болады.

Ең қымбат су қай жерде?

Су тегін болуы мүмкін және өте қымбат тұруы мүмкін. Әлемдегі ең қымбат су Лос-Анджелесте сатылады. Өндірушілер ph мәнімен және теңдестірілген дәмі бағалы сұйықтықты Swarovski кристалдарымен безендірілген бөтелкемен қаптайды. Ал мұндай судың 1 литрі 90 АҚШ доллары тұрады.

Дереккөз: kyn.kz

Тегтер: су, денсаулық, ауру, сұйықтық, суресурстары

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.