Түркістандық спортшы Токиода алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Түркістандық спортшы Токиода алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Түркістандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды NewRoom.kz. тілшісі.
Токио қаласында өтіп жатқан олимпиада ойындарында түркістандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.