Сайлау – 2021: Алғаш рет дауыс берді
Сайлау – 2021: Алғаш рет дауыс берді

«Сайлауға қатысуға болатынын естігенде қатты қуандым. Өйткені саяси науқанға қатысу, ауыл өмірін жақсартуға үлес қосу арманым болатын. Сайлауға келмес бұрын әкім болуға ниетті қос үміткердің де сайлауалды тұғырнамасымен танысып шықтым. Сонымен қатар қос үміткердің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын екшеп, өз таңдауымды жасадым. Менің дауысым елдің, ауылымның дамуына үлес қосып жатса қуанышым шексіз» – дейді бойжеткен.