Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен Жапония делегациясы келді

12 Қыркүйек, 2019 44 0

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Нұрлыбай Аққұлов Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Бірінші хатшысы Исибики Юкионы қабылдады. 

Кездесу аясында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және болашағы туралы баяндады. Сондай-ақ, туризм, логистика және энергетика салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Жапония арасындағы өзара сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 3,668,38 мың долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6% -ға көп.

Кездесу соңында Исибико Юкио Маңғыстау облысының басшылығына тығыз ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмыс нәтижесінде құнды тәжірибе жинақтағанын айтты.

Тегтер: Ақтау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.