24 ауыл тұрғыны үйден дауыс береді – бақылаушы
24 ауыл тұрғыны үйден дауыс береді – бақылаушы

– Әкім сайлауына халықтың ынтасы жақсы. Әділ сайлау болып жатыр. Ешқандай кедергі келтіріп, заң бұзушылық болған жоқ. Заңға сәйкес ауыл тұрғындары дауыс беріп жатыр. Халық белсенділігі жоғары. Түске дейін 300 адам дауыс берді. Түстен кейін де келетін халық легі көп. Осы уақытқа дейін 35 пайызы дауыс берді. Бұл жолы жастар көбірек дауыс беріп жатыр. Ауыл жастары саяси науқанға белсене атсалысқаны қуантады.Карантин талаптары сақталды. Пандемияға байланысты қауіпсіздік ережелері ескеріліп, қажет медициналық құралдар қойылған. Кеңестөбе ауылынан 24 тұрғын денсаулығына байланысты үйден дауыс береді. Мүгедектігі бар тұлғалардан дауыс жинау үшін сайлау комиссиясынан екі адам және бақылаушылар бекітілді, – дейді бақылаушы.