Жадо: Қазақтың қыздары тоқал болса да қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығу керек

12 Қыркүйек, 2019 156 0

Айжан Райымбекова қытай азаматына тұрмысқа шыққан қазақтың қызы. Қазір ол күйеуімен бірге Бейжіңде өмір сүріп жатыр.

Бұл жайлы "Евразия 1" арнасының "Бір сұрақ" бағдарламасында көрсетілді.

Дизайнер Жадыра Сахиева қазақ қыздарының тоқал болса да, үшінші жар болса да қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығу керектігін айтты.

"Көпшілігі біледі, мен жолдасыма екінші әйел алып бердім. Себебі, қазақтың текті ер азаматтарынан қазақтың қыздары ұлды, қызды болуы керек. Айжан ханым, бақытты болыңыздар, ұзағынан болсын. Бірақ, менің ойымша қартайған кезде сіз өзіңіздің тегіңізге тартасыз. Біз мұсылманбыз ғой, өзіміздің дәстүріміз бар. Сол себепті қазақтың қыздары үшінші әйел болса да, тоқал болса да қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығу керек. Ер азаматтар тұқым ғой, бірақ бәрі әйелдің жатырына байланысты. Ана қандай болады, баласы да сондай болады. Сол себепті біздің қазақтың қыздары тек қана қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығу керек", - деді дизайнер Жадыра Сахиева.

Ақпарат көзі: Caravan.kz



Тегтер: ЖадыраСахиева, дизайнер, тоқал, тұрмыс, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.