Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауы 241 учаскеде өтуде
Түркістан облысында ауыл әкімдерінің сайлауы 241 учаскеде өтуде
Түркістан облысында ауыл әкімдерін сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр. Өңірде 60 ауылдық округінің тұрғындары өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.
Бүгін өңірдегі 16 аудан-қаладан жалпы саны 166 үміткер тіркеліп, саяси додаға қатысуда. Аймақта халық саны 2 млн 049 мың адам болса, оның 1 млн 160 мыңы дауыс беруге құқылы. Облыста 241 сайлау учаскесі ашылып, онда 265 мың адам дауыстарын беруде. Саяси доданың әділ өтуін арнайы бақылаушылар бақылап отыр.