Ерлі-зайыптылар апатқа ұшырап, үш баласынан айырылған

12 Қыркүйек, 2019 202 0

Америкада жан түршігерлік апат болды.

26 жастағы Сомчай Лурак пен оның келіншегі Эмма Вейган үш қызымен бірге қонақтан қайтып келе жатқан. Бірақ олар бағдаршамда тұрған кезде оларға сағатына 130 км жылдамдықпен келе жатқан басқа бір машина келіп соқтығысқан. Ерлі-зайыптылар ауруханада естерін жиған. 

Сомчайдың мойыннан төмен денесі сал болып, қимылсыз қалған. Ал Эмманың бірнеше қабырғасы сынып, қолы жарылған. Ал олардың 2-6 жас аралығындағы үш қызы оқиға орнында көз жұмған. Ерлі-зайыптылардың өздері енді ұзақ уақыт ем қабылдауы тиіс.

Дереккөз: ktk.kz 

Тегтер: Америка, жолапаты, ем, бала, ерлі-зайыптылар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.