Жаңалықтар

40 жылда 150 000 құты кока-кола ішкен

40 жылда 150 000 құты кока-кола ішкен

Оңтүстік Кореялық әйел соңғы 40 жылында судың орнына кока-кола ішуді әдетке айналдырған. Ол газды шырынды басына түскен қайғылы сәттерді ұмыту үшін іше бастағанын айтқан. Әйел 34 жасында жесір қалған. Қайғыдан құса болған адамдар ащы суға салынып кетсе, ол тәтті суды жанға дауа етіпті. Біраз жыл өткен соң, үлкен ұлы жол-көлік оқиғасынан қайтыс болады. Әлгі әйелдің газды шырынға деген аңсары екі есеге көбейе түскен. Бүгінде оның жасы 74-ке келіпті. Ол күніне қаңылтыр банкідегі тәтті судың он данасын сіміріп салады екен. 40 жыл бойы 150 мың құтыдағы кока-коланы ішкен. Шамамен 37,5 мың литр. Жасы егде тартқан әйелдің құмарлығына қауіптенген туыстары ауруханаға апарып тексеруден өткізген. Газды сусынның асқазанына кері әсерін тигізгені анық деп ойлаған. Алайда дәрігер зейнеткер әйелдің денсаулығына "өте жақсы" деген баға берген. Кішігірім асқазан жарасы анықталған. Ол да болса, жасы ұлғая келіп, пайда болған жара екені айтқан. Әжейдің әуестігі өмірінің бір бөлігіне айналып кеткен. Әрі оның ағзасына қажетті дәруменнің ролін атқарып отқан сияқты. Ол өзінің әдетін күнделікті мөлшерін азайытқысы келетінін айтқан. Ал өмірінің бір бөлшегіне айналған кока-коланы ішуді азайту қиынға соғуда екен.