"Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчына билеттер қанша тұрады

12 Қыркүйек, 2019 104 0

Еуропа Лигасының Нұр-Сұлтанда өтетін ойындарының билеттері "Астана" клубының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропа лигасы аясында "Астана" сербиялық "Партизанмен", голландиялық АЗ-мен және ағылшынның "Манчестер Юнайтедімен" ойнайды.

Матчтарды екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданды, бірінші санаты – "Манчестер Юнайтедпен" үйдегі ойын. Бұл ойынға билет бағасы – санатына байланысты 4 мыңнан 55 мың теңгеге дейін жетеді.

Екінші санаттағы матчтар – AZ және "Партизанға" қарсы ойындар, ол матчтарға билет 1500 теңгеден 12000 теңгеге дейін болады.

Әрбір матчқа билет сату ойын болатын күндердің алдында ашылады.

Баға жүйесі мынадай:

Манчестер Юнайтедпен болатын матч:

1-ші санаттағы билеттер - 55 000 (елу бес мың) теңге;
2-ші санаттағы билеттер - 40 000 (қырық мың) теңге;
3-ші санаттағы билеттер - 25 000 (жиырма бес мың) теңге;
4-ші санаттағы билеттер - 16000 (он алты мың) теңге;
5-ші санаттағы билеттер - 11,000 (он бір мың) теңге;
6-шы санаттағы билеттер - 4000 (төрт мың) теңге.

AZ және Партизанмен өтетін матч:

1-ші санаттағы билеттер - 12000 (он екі мың) теңге;
2-ші санаттағы билеттер - 7000 (жеті мың) теңге;
3-ші санаттағы билеттер - 4 000 (төрт мың) теңге;
4-ші санаттағы билеттер - 3000 (үш мың) теңге;
5-ші санаттағы билеттер - 2 000 (екі мың) теңге;
6-шы санаттағы билеттер - 1500 (бір мың бес жүз) теңге.


Тегтер: Астана, футбол, МанчестерЮнайтед, матч, билет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.