Жаңалықтар

Түркістан: Арыс қаласында жылына 50 мың тонна мұнай өңдейтін зауыт іске қосылады

Түркістан: Арыс қаласында жылына 50 мың тонна мұнай өңдейтін зауыт іске қосылады

 width= Арыс қаласында ағымдағы жылы жалпы құны 11 млрд теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін өңдейтін «ҚаратауТрансСервис» ЖШС-ң зауыты өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба ағымдағы жылдың соңына қарай іске қосылып, 112 адамды тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы брифингте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. Сондай-ақ, биыл жартыжылдықта Арыс қаласында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 118,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 153,8 млн теңгеге артқан. «Қала бойынша жалпы 3 812 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 2 140-ы – жеке кәсіпкер (55,6%), 1 023-і – шаруа қожалық (27,1%), 649-ы – заңды тұлғалар (17,2%). Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 3587 бірлік, жалпы тіркелгендердің 94,1% пайызын құрайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында өңірдегі бөлшек сауда көлемі 1 млрд 458,7 млн теңгені құрады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы «Айналым схемасы» аясында сауда орындарына несиелендіру бойынша «Алмас» ЖШС-на 56 млн теңге қаржы бөлу қарастырылуда», - деді Гүлжан Мамытқызы.