Арыс пен Сарыағаштан Маңғыстауға шөп тиелген вагондар легі жөнелтілді
Арыс пен Сарыағаштан Маңғыстауға шөп тиелген вагондар легі жөнелтілді
17 шілдеде Сарыағаш және Арыс стансаларында Маңғыстау облысына 33 вагон нығыздалған шөп жіберілген. Оның ішінде 15 вагонды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы беріп отыр, NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мал азығын жіберу ҚТЖ серіктестері «Шыңғар Транс» ЖШС, «ПроммашKZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс» ЖШС, «Ақтөбе рельсарықалық зауыты» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен жүзеге асты. Оған қоса тағы 7 вагон жүк тиеуге дайын тұр. Оларды жөнелту жексенбіге жоспарланған», делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, қосымша вагондарға өтініш әлі де көбеюі мүмкін. Көлікпен қамтамасыз ету мен жүкті жөнелту мәселесін өтініш санына қарай біртіндеп шешілмек. Сондай-ақ, вагондардың стансаларда тұрғаны үшін ешқанда ақы алынбайды.
Шымкенттік Құрмет Талапқазы Маңғыстаудағы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп әзірлеуді бастама етіп көтерген болатын. Еріктілер Маңғыстауға көмектің алғашқы легін жеткізіп берді. Бастама жалғасын тауып, мақтааралдықтар - 1 вагон, Жетісай ауданының тұрғындары - 74 тонна пресс шөп жөнелткен болатын. Батыстық ағайынға көмек көрсетуді шардаралықтар мен Қазығұрт ауданының тұрғындары жалғады.