Жаңалықтар

Жетісайлық ұстаздың отбасында үшем дүниеге келді

Жетісайлық ұстаздың отбасында үшем дүниеге келді

   width= Екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған Жомарт Бахитов пен Аягөз Қарымсақованың отбасы үшеммен толықты, деп хабарлайды NewsRoom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сәбилерге — Ернұр, Балнұр, Айнұр есімдері берілген. «Қарақай» ауылдық округі Сәтпаев елдімекенінде тұратын ата-ана аудан орталығында ұстаз болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда нәрестелер периниталды орталық дәрігерлерінің бақылауында. Олар медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулығы қалыпты жағдайда. «Әулетімізде отағасы жағынан егіз бар. Алғашында дәрігерлер үшем босанасың дегенде ерекше толқыныс пен аздап қорқыныш болды. Алланың менің отбасыма жасаған сыйына сансыз шүкір етемін», - дейді үшемнің анасы. Айта кетейік, Жетісай ауданында былтыр 51 егіз дүниеге келген. Оның 22-сі егіз қыздар, 16-сы егіз ұлдар, 12 отбасында аралас сәбилер туған. Ал, биыл 10 отбасында егіз сәби жарық дүние есігін ашқан.