Айнұр Тұрсынбаева интимді тақырыпта семинар өткізеді

11 Қыркүйек, 2019 954 0

Елімізге әйгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазіргі кезде түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіп жүргені мәлім. Ақынның келесі бір семинары Ақтау қаласында белгілі сексолог Алина Шадиновамен бірге қыз-келіншектерге арналған "интим" тақырыбында өтпек. Бұл туралы Айнұр ханым өзінің парақшасында жазды. 

"Қымбатты Ақтаулық қыз-келіншектер! Белгілі сексолог Алина Шадинова @alina.shadinova екеуміз қыркүйек айының 27 күні Ақтау қаласына бара жатырмыз. Құрметтілерім, әйелге аса қажетті, аса маңызды, жан-жақты, тақырыптарды толыққанды қамтитын боламыз! Сіздермен әйел энергетикасын көтеру жөнінде, әйел эмоциясын тежеу жөнінде,әйелдің ойын, түпсанасын басқару жөнінде және көптеген техникалармен бөлісетін боламыз. Орындар саны өте шектеулі. 50 орын! Сондықтан ертерек жазылып алғандарыңыз абзал. Сүйікті әйел болуларыңызды және жатырды көтеру, түтікшелерді ашу, спайкалардан айырылу техникаларын үйренесіздер...Интимді гимнастиканы кеңінен талқылап айтамыз. Бұл тренингте әйелдің денсаулығы мен сексуалды өміріндегі ең негізгі, фундамент болар түсініктер мен техникалар беріледі. Осы сабақтарды меңгеріп алған келіншектерге курстың эффектісі тіпті күшті болатыны сөзсіз.Сіздерді күтеміз! Біздің барлық үйренген, оқыған біліміміз тек қана Сіздер үшін айтылады. Айту бізден, үйрену Сіздерден болсын! Ал 29 қыркүйек күні "Бай бол және бақытты бол" деп аталатын семинар өтеді" - деп жазады Айнұр Тұрсынбаева. 

Ақынның "интим" тақырыбында семинар өткізетіні кейбір оқырмандарына ұнамай қалған сыңайлы. Олар: "Интим деген сөз екеудің ғана қатынасы (үйлесуі, үйкелісі, сыры) емес пе, оны залда жалпақ жұрт көзінше гимнастика жасағаны несі, әрібір әйел адамның жатырының орналасуы әр қилы, біреудің үйренгені екіншісіне келмейді ғой", "Ойпырмай енді қалмағаны. Секс үйрететін тренинг еді. Ол деген жабық отбасылық тақырып қой. Оны енді зал жинап үйрететін болдыңдар ма? Бір күні порно түсірмесең болды" - деген сынды пікірлерін жазған. 

Алайда Айнұр ханымды осы тақырыпта тренинг өтуге еліміздің әр қаласына шақырған оқырмандар да жетерлік. 

"Саламатсыз ба! Айнұр ханым, Карағандыға кашан келесіз!?", "Қызылорда қаласына келесіздер ме? Қашан қай кезде осы тақырыппен", "Астанада қашан болады?", "Шымкентке кашан келесіздер?" - деп жазады Тұрсынбаеваның сабағын күткен оқырмандары. 

Дереккөз: ERNUR.KZ



Тегтер: АйнұрТұрсынбаева, секс, интим, тренинг, семинар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.