Жаңалықтар

Түркістан: Екі аудан қуаңшылықтың зардабын тартып отырған батысқа шөп жіберді

Түркістан: Екі аудан қуаңшылықтың зардабын тартып отырған батысқа шөп жіберді

 width= Маңғыстау облысында қуаңшылыққа тап болған шаруаларға бұған дейін мақтааралдықтар - 1 вагон, Жетісай ауданының тұрғындары - 74 тонна пресс шөп жөнелткен болатын, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Батыстық ағайынға көмек көрсетуді енді шардаралықтар мен Қазығұрт ауданының тұрғындары жалғады. Шардара ауданының Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің азаматтары шығынға ұшыраған шаруаларға жүк көлігімен 1000 дана орам шөп жөнелтті. Сауабы мол іске С. Әбдіраманов бастаған ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты және «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорының мүшелері атсалысқан.