Жаңалықтар

Түркістанның тумасы Нью-Йоркта «ДВД» басшысының орынбасарлығына тағайындалды

Түркістанның тумасы – Игорь Пинхасов Нью-Йорк полиция инспекторының орынбасары болып тағайындалды. 1996 жылы Түркістаннан АҚШ асқан Пинхасов орта мектеп пен колледжі бітірген соң, 2002 жылы полиция қатарында қызмет жолын бастаған.

2010 жылы сержант дәрежесіне көтерілген ол, 2014 жылы лейтенанттыққа жетіп, детективтер отрядының командирлігіне жеткен.  />

2016 жылы капитан шенін алған Пинхасов Бронкстың ұйымдасқан қылмысқа қарсы бөлімін де басқарған.