Жаңалықтар

Аурухана мен дәріхана қоғамдық бақылауға алынды

Аурухана мен дәріхана қоғамдық бақылауға алынды

 width= Елімізде, жалпы әлемде соңғы апталарда коронавирус індетіне қатысты жағдай күрделенді. Бірнеше өңір «қызыл аймаққа» өтті. Түркістан облысы әзірге «Жасыл аймақта» тұр. Алайда дәл қазір арқаны кеңге салатын уақыт емес. Облыста сақтық шаралары күшейтілді. Сонымен бірге ауруханалар мен дәріханалардың жұмысы бақылауға алынды.  Түлкібас аудандық әкімдігі тұрғындарға осыған байланысты қолға алынып жатқан шаралар туралы хабарлады.   «Түлкібас– адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қазір елімізде пандемияның ахуалының күрделі болуына байланысты ауруханалар мен дәріханалардағы жағдайларды қоғамдық бақылауға алуда. Қазіргі таңда Сovid-19 коронавирустық инфекциясымен күресте қабылданған шаралар мен дәрі-дәрмектер бағасының шекті бағадан аспауы, облысымыздың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша мониторингтік жұмыстар жобалық кеңсенің басты назарында. «Түлкібас – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі халыққа медициналық көмек көрсетуде ашықтықты және олардың баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облысымыздағы инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы бос орындар саны туралы ақпаратты апта сайын жариялайтын болады. Осы орайда аталған ақпараттар жөнінде тұрғындардың сұрақтары болса, жобалық кеңсенің +77476695079 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе Whatsapp қосымшасы арқылы байланыса алады.