Түркістан: еліне қамқор болған динара депутат
Түркістан: еліне қамқор болған динара депутат
Бүгін «Біз біргеміз» акциясы «Ақсукент» Сайрам аудандық аурханасында жалғасын тапты. Осынау қиын мезетте «Nur Otan» партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты қамқорлық танытып, бірге екендігін білдірді.
Осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып, қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Егамбердиева Динара Асылқызы акция аясында жеке өзінің есебінен 1 жасанды тыныс алу аппараты мен 10 дана кислород балон жабдығын сатып алып, оны Сайрам аудандық ауруханасына табыстады.
Шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудандық орталық аурхана бас дәрігерінінің орынбасарлары Төлеген Жолдасұлы және Нурали Рахматалиұлы қатысты.
Шара барысында халық қалаулысы Динара Асылқызы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетпек ниетте екендігін жеткізді.
«Барша науқастарға қажетті аппаратты сыйға тарту ізгі амал, жүздеген азаматтың өмірін арашалап қалуда себепші болары айтпаса да белгілі. Динара Асылқызына өз атымнан және дертке шалдығып, емделіп жатқан тұрғындар атынан алғысымды айтамын», – деді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Ирсалиев