Қазақстанда екі педофилге химиялық кастрация жасалуда

10 Қыркүйек, 2019 94 0

Химиялық кастрация 18 жастан асқан педофилдерге қолданылады

Қазақстанда 11 педофил химиялық кастрация жазасына кесілді. Бұл процедура қазіргі уақытта екі адамға жасалып жатыр, деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы.

«Он бір адам химиялық кастрация жасау жазасына кесілді. Олар 2018 жылдың 1 қаңтарында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне келді. Қазіргі уақытта екі адамға (Павлодар және Ақмола облысы) химиялық кастрация жасалып жатыр», — деді қылмыстық-атқару жүйесінің комитетінде.

Бұл процедура сот-психиатриялық сараптама негізінде сот шешімімен жүзеге асырылады. Химиялық кастрация 18 жастан асқан педофилдерге қолданылады.

Химиялық кастрацияға қанша қаражат бөлінді?

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарында кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарды химиялық жолмен піштіру ресми түрде рұқсат етілді.
Sputnik Қазақстан өткен жылы бұл мақсатқа бюджеттен 9 миллион 629 мың теңге (25 мың доллар) бөлінгенін білді. Алайда химиялық кастрация жасайтындар болмағасын, қаражат бюджетке қайтарылды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрлігі департаментінің мәліметіне сәйкес, химиялық кастрация жасауға 2019 жылы 11 миллион 038 мың теңге (28 мың доллар) бөлінген.
Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының бюджеттік өтініштері бойынша 2019 жылы 88 науқасты, ал 2020 жылы 71-ін химиялық кастрациядан өткізуге қаражат сұралған.


Тегтер: Қазақстан, химиялықкастрация, педофил

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.