Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесін сахналайды

10 Қыркүйек, 2019 62 0

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының бас режиссеры Гүлсина Мерғалиева айтты.

«Күй повесінде рөлді сомдаушылардың басым бөлігі ер әртістер ал моно спектакльді бір әйел адаммен бір ер адам сомдайды. Халықаралық деңгейде өткелі отырған бұл театр фестиваліндеқазақ сахнасының абызыАсанәлі Әшімов, театр сыншысы Ерік Жуасбек, Әзірбай елінен халықаралық дәрежедегі сыншы Исрафил Исрафилов және жас әртістерден Нұркен Өтеуіл, Әділ Ахметов қазылық ететін болады. Фестивальге қатысушылар мен шақырылған қонақтарды қоса есептегенде  150 –ге жуық адамды қабылдағалы отырмыз. Қазір оларды күтіп алу, қонақ үйлерге орналастыру, сахнада өнер көрсетуге қажетті жағдай жасау сияқты әзірлік жұмыстары жан- жақты жүргізілуде»,- деді бас режиссер Гүлсина Бақытжанқызы.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.