Жаңалықтар

Келесте 30 млн теңге «откат» алған бөлім бастығы 11 жылын түрмеде өткізеді

Келесте 30 млн теңге «откат» алған бөлім бастығы 11 жылын түрмеде өткізеді

 width= Түркістан облысы Келес ауданында мердігерден 30 млн теңге пара алған шенеунік сотталды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасы ресми мәлімет таратты. Оған сенсек, 14 шілдеде Түркістан облыстық қылмыстық істерге мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Келес ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы А.С. Кенегесов сотталған. Айыпталушы алдағы 11 жыл 3 ай уақытын түрмеде өткізеді. А. С. Кенегесов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлімі және 24-бабы 3-бөлімі бойынша айыпталған еді. Бөлім бастығы 2020 жылдың 8 маусымында компания директорынан 30 млн теңге көлемінде пара алған. Бұл - құны 3 млрд теңге болатын қосалқы станса құрылысына арналған мемлекеттік сатып алу келісімшартының 1 пайызы болатын. Ол тендер құнының 1 пайызын пара ретінде алып, қалтасына басуды жоспарлаға