Жаңалықтар

«Сары аймақта» тек Түркістан облысы қалды

«Сары аймақта» тек Түркістан облысы қалды

 width= ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәлімет: «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. «Сары аймақта»: Түркістан облысы.