Сайрам ауданында жыл соңына дейін 25 ауылда жол жөнделеді
Сайрам ауданында жыл соңына дейін 25 ауылда жол жөнделеді
Түркістан облысының Сайрам ауданында жыл соңына дейін 25 ауылда жол жөнделеді. Сонымен қатар көшелерді жарықтандыру жұмыстары қолға алынды. Жобалардың кейбірі жүзеге асырылып қойған. Мәселен, 4 ауылдық оркугті аудан орталығымен жалғайтын жол жаңартылды. Бұрын тұрғындар қарға адым жердегі елді мекенге бару үшін де шұрық-тесіктерді кесіп өтетін. Жүйкені жұқартқан жол мәселесі енді шешілді. Құрылыс жұмыстары бір жылға дерлік уақытқа созылды. Бұл бағытқа бюджеттен 870 млн теңге жұмсалған.
"Жолда жүру мүмкін емес еді ғой. Беловодқа жетудің өзі хикая еді. Шұңқыр-шұңқыр. Биыл енді көктемнен бері, жолды істегелі бері, Құдай жарылқап, әйтеуір зуылдап жүрміз",-дейді Сайрам ауданының тұрғыны Мұхтар Оңғарбаев.