Екпе-індеттен құтылудың жалғыз жолы
Екпе-індеттен құтылудың жалғыз жолы
Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылдық әкімдігі Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен және ерікті жастарпен бірге ауылдық округте орналасқан, халық көп шоғырланған орындарда «COVID-19» коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізді. Вакцина бүгінде індеттен құтылып, қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы болып отыр.
Түркістан облысында соңғы бір тәулікте COVID-19-індетінің 101 жағдайы расталған. Тәуліктік өсім 1.18 % құрайды. Өңірде пандемия басталғалы 8622 жағдайы тіркелді. Оның 5323-ы ауру симптомсыз өткен. Бүгінде облыс «сары» аймақта тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 2020 орын бар. Оның 901-і бос тұр. Сондай-ақ, бүгінге дейін 875 448 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3442 адам тексерілді.
Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар. Сонымен қатар, өңірде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Облыста өз еркімен 526 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Қазір екінші компонентпен 339 151 адам вакцина салдырды. Ал, кейінгі тәулікте 5 515 бірінші компонентпен болса, екінші рет 8 433 адам екпе қабылдаған. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 128 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.