Жетісайлықтар Маңғыстауға 70 тоннадан астам шөп жөнелтті
NewsRoom
Жетісайлықтар Маңғыстауға 70 тоннадан астам шөп жөнелтті
Қазақ халқының ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз. Кез келген қиындықты ел болып жеңе білген. Маңғыстау облысында биыл жауын-шашын аз түсуіне байланысты мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты қуаңшылық орын алды. Осыған орай еліміздің әр өңірі өз жәрдемін көрсетуде, – деп хабарлайды NewsRoom.kz тілшісі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Мәселен, Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары «Біз біргеміз» акциясы аясында 74 тонна пресс шөпті маңғыстаулықтарға жөнелтті.
Сондай-ақ, жетісайлықтар тағы да қосымша 60 тонна мал азығын жөнелтпек. Айта кетерлігі, былтыр ғана топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы Өргебас ауылының шаруалары да бір вагон жем-шөп тиеп қиындық көріп жатқан шаруаларға жіберді.