Жаңалықтар

Мадоннаға киім тіккен қазақ

Мадоннаға киім тіккен қазақ

Түркия қазақтарының арасында атадан ба­лаға мұра болып қалған ата кәсіп – теріден киім тігу ісін жалғап жүргендер баршылық. Тері­ден киім тігу шебері Мұстафа Услуджан жиырма жасында Францияға көшіп, он бес жыл­дай Louis Vuitton сән үйінде теріден киім тігетін топтың басқарушысы қызметін атқарып, сосын Balenciaga-ға жұмысқа ауысқан. Есімі әлемге мәшһүр америкалық әнші Мадоннаға ар­найы киім тіккен ол қазір Chanel компания­сында жұмыс істейді. Алдағы уақытта Франция­д­ан Қа­зақстанға арнайы келіп, қазақ бала­ларына тері­ден түрлі бұйым жасауды үйретуді мақсат етіп жүрген қандасымызға хабарласып, әңгі­ме­ге тартқан едік деп жазады turkystan.kz тілшісі Әлия Тілеужанқызы. black and red kyobi arts cool presentation 60 – Түркия қазақтарының арасында тері илеп, былғарыдан киім тігуді кә­сіп еткендер аз емес. Бұл кәсіппен ай­на­лысуды сіз де Түркияда бастадыңыз ба? – Иә, теріден киім тігуді 13 жасымда Түр­кияда үйрендім. Сосын бірте-бірте осы кәсіпке қызыға бастадым. Мектеп бітірген соң оқу оқымаймын деген шешіміме әкем «Оқы­ғың келмесе, онда мен саған диплом­ды өзім берейін. Бар да, ана тұрған тігін машинасының алдына отыр» деп отыр­ғы­зып, теріден әртүрлі бұйым жасауды үй­рет­ті. Әке-шешем – Алтайдан басталған көш керуенімен бірге Үндістан, Пәкістан ар­қылы 1953 жылы Түркияға жеткен қа­зақ­тар. Аталарымыз Үндістаннан Пәкістанға көшкенде сойған малдың терісін кептіріп, қолғап тігеді екен. Сөйткен олар бірте-бірте теріден киім тігуге әбден машықтан­ған. Түркияға келіп тұрақтаған соң, қалада қаламын дейтіндері қалада қалды, ал мал ба­ғамын дегендері Түркия ауылдарына көшті. Десек те олар осы кәсіппен айна­лысу­ды жалғастыра берді. 1975 жылы Түр­кияда теріден түрлі бұйымдар жасау ісі же­дел қарқынмен дамыды. Бірақ ол уақытта Түркия қазақтарының балалары әлі жас, бұл кәсіпке онша ден қоймаған болатын. Со­сын сексенінші жылдары тері арқылы көп қаражат табуға болатынына көзі жет­кен қазақтардың барлығы осы кәсіппен айналысып кетті. Бастапқыда біздің әулет Түр­кияның Алтай деген ауылына тұрақ­тады. Сосын 1974 жылы отбасымызбен бір­ге Стамбұлға көшіп, сол жерде өсіп-өн­дік. Сосын 1983 жылы жиырма жасымда Фран­цияға жалғыз өзім жұмыс істеуге келдім. Әдепкіде француз тілін білмегендік­тен жұмыс табу қиынға соқты. Бірақ теріден киім тіге білетіндіктен жұмыссыз қал­майтынымды білдім. Сөйтіп, бір жерден жақсы жұмыс табыла кетіп, осы іспен кәсіби түрде шұғылдана бастадым. Қазір есеп­теп қарасам, осы кәсіптің нәсібін көріп келе жатқаныма отыз сегіз жылдай уақыт бо­лыпты. Кейін киім тігумен айна­лы­сатын түрлі компанияларда жұмыс істедім. Со­сын Hermès сән үйінде, одан соң Louis Vuitton компаниясында он бес жыл еңбек етіп, басқарушы қызметін атқардым. Онда қоластымда қызмет ететін тігіншілерге «Мынау былай тігіледі. Ана киімді былай тігу керек» деп ақыл-кеңесімді айтып, тү­зету енгізіп отыратынмын. Сосын 2014 жылы Balenciaga сән үйіне ауыстым. Ал қазір Balenciaga-дағы жұмыс орнымды ауыс­тырып, Chanel компаниясына жұмыс істеп жатқаныма екі айдың жүзі болды. black and red kyobi arts cool presentation 63 – Chanel-ге дейін де әлемге әйгілі фран­цуздық сән үйлерінде жұмыс істе­ген екенсіз… – Францияда бұл индустрияда тігін­шілердің жиі жұмыс ауыстыруы – қалыпты жағдай. Бұл футболда ойыншыға бір ко­мандадан екіншісіне ауысуға мүмкіндік беретін трансфер терезесі іспетті. Біздің ком­панияда шешуші рөл атқаратын сти­листер және моделистермен тығыз жұмыс істейтініміз айтпаса да түсінікті. Мо­де­листер бізге киім үлгісін сызып берсе де, «Мы­на жерін былай өзгертсек қайтеді? Ана жер­ді былай тіксек қалай?» деп өз ұсы­ны­сымызды айтып отырамыз. Сөйтіп, олар біздің айтқанымызға құлақ асып, киім үлгісіне өзгертулер енгізеді. Осылайша жақ­сы қарым-қатынас орнатып алғандықтан, олар бізді өздеріне жақын тартады. Мо­делистер де біз секілді жұмысын жиі ауыс­тырады. Олар барған жерінде «Мұстафаны жұмысқа шақырсаңыз болады. Ол киімді жақ­сы тігеді. Екеуіміз бір жерде жемісті еңбек еттік. Жақсы араласамыз» дегендей ұсы­ныс білдіреді. Сөйтіп, олардың басшы­лы­ғы бізді жұмысқа шақырады. Сондай-ақ, стилистердің өздері де хабарласып, жұ­мыс­қа шақыруы мүмкін. Жұмыс жағдайы, жа­лақы мөлшері көңілімізден шықса, ойлан­бас­тан жұмыс орнымызды ауыстыра­мыз. Мы­салы, қыркүйек айында тағы бір жерге жұ­мысқа шақырды. Оны да қарастырып көр­мекпін. Сол секілді мұнда тігіншілер бір жерде нәбәрі үш ай немесе үш жыл я бол­маса мен секілді Louis Vuitton-да он бес жыл жұмыс істеуі мүмкін. Бұл – таңғаларлық жайт емес.
Rozovyy i Kremovyy Akvarel Letyaschiy SHrift Svadebnyy Rassadki Plan 7
Отбасымен бірге
– Отбасыңызда өзіңізден бөлек те­рі­ден бұйым жасаумен айналыса­тын­дар бар ма?–Иә. Әпкем мен жездем Louis Vuitton сән үйінде жұмыс істейді. Екі қыз, бір ұлым бар, бірақ үшеуі де медицина саласында ең­бек етеді. Құдай сәтін салса, Парижде қыр­­күйек айында дәріхана ашқалы жа­тыр­мыз. Киім тігумен қатар, осы бизнесті де қ­а­тар алып жүрмек ойым бар. Өйткені Париж­де жеке дәріхана ашу оңай емес, сон­дықтан тапқан қаражаттың басым бөлігін осы іске жұмсамақпын. – Chanel-де сізбен бірге жұмыс іс­тей­тін қазақтар бар ма? – Иә. Менімен бірге Ережеп деген бала жұ­мыс істейді. Жуырда қатарымызға Әли де­ген жігіт қосылды. Жалпы, Париждегі әй­гілі сән үйлерінде киімді керемет тігетін қа­зақтар жетерлік. Әрқайсысында екі-үш қа­зақ жұмыс істейді. Одан бөлек, бір қазақ жі­гітінің жеке тігін фабрикасы бар. Бір айта ке­терлігі, түлкінің терісінен киім тігетін бір ті­гін машинасы бар. Ол машинаның «тілін» қазақ баласынан басқа ешкім білмейді. Қазір мен сол машинамен киім тігемін. Одан бөлек түріктерге сол машинада киім тігудің қыр-сырын үйретіп жатырмын. Түркияда өсіп-өнген соң, түріктерді де қазақтар секілді жақын тартамыз. – Әңгіме басында танымал америка­лық әнші Мадоннаға арнайы киім тіккеніңізді айтып қалдыңыз… –Иә. 2008 жылы Chanel сән үйінің басшысы болған әйгілі неміс модельері Карл Лагерфельдтің тапсырысы бойынша Мадоннаға арнайы теріден қысқа шапан тіккен болатынмын. Негізі, танымал адамдарға киім тігу бойынша тапсырыстар жиі түседі. Өзіңіз білетіндей, дүниежүзіне танымал адамдардың көбі француздық сән үйлері жасап шығаратын өнімдерге қатты қызығады. Одан бөлек, біздің жұмыс орынға Францияға есімі белгілі әншілер мен әртістер, сондай-ақ, футболшылар келіп, киімдерін өлшеп, түзетулер енгізіп, өз ұсыныстарын айтып жатады. Бұл да біз үшін қалыпты құбылысқа айналды. black and red kyobi arts cool presentation 61 – Сондай-ақ, нені армандай­ты­ныңыз­ды сұрағанымда Қазақстандағы жастарға тері өңдеу технологиясын үйретіп, киім тігудің шебері етуді мақ­сат тұтатыныңызды айт­тыңыз. Сонда тері­ден қалай киім тігу керек екенін Париж­ден арнайы келіп үйретпекшісіз бе? –Иә. Мен Қазақстанға бірнеше рет бардым. Сол кезде теріден жасалған киімдер сапасының онша емес екенін байқадым. Сондықтан қандай маман иесі боларын білмей жүрген я болмаса жоғары оқу орнында оқуға қалтасы көтермейтін жастарға теріден киім тігудің қыр-сырын үйреткім келеді. Жоғарыда айтып өтке­німдей, мен киім тігуді он үш жа­сымнан бастап үйрендім. Жастарды қайрат-жігерге толы, жалындап тұрған шағында белгілі бір кәсіпке баулыған дұрыс. Мен Францияға қонақ ретінде қыдырып я болмаса жұмыспен келген қазақтарға үнемі «Қазір жасымыз 55-60-қа келіп қалды. Енді қалған ғұмырымызды Қазақстандағы балаларға теріні қалай кептіретінін, қалай пішетінін, сосын қалай тігетінін үйретуге арнасақ деп едік» деп айтамын. Әзірге, нәсіп болмай тұр. Осыдан екі жыл бұрын киімді мықты тігетін бір жолдасым атажұртқа теріден киім тігу­ді үйретемін деп барған еді, бірақ жоспары іске аспады. Десек те, Louis Vuitton, Balenciaga, Chanel секілді компа­ния­лар­да тынбай еңбектеніп жүріп, жиған-терген тәжірибеміз бар, әкемізден үйрен­геніміз бар, осының барлығын қазақ бала­лары­на үйреткім келеді. Түркияда өсіп-өнсек те, жиырма жасымнан бері Фран­цияда жүрсем де, Қазақстан десе елеңдеп отыратынымыз рас. Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалалары­нан тігіншілік­ке баулитын мектептер ашсақ, оған он алты немесе он жеті жастағы балаларды қабылдап, оларға барлығын ба­сынан бастап үйретсек, шіркін. Түркия мен Францияда тері арзан бағаға сатылады, соны Қазақстанға өзімізбен бірге алып бар­сақ дейміз. Сосын бұл кәсіпке әбден машық­танған ісмер қандас Фран­цияға ша­қыры­лып жатса, сондағы әлемнің мықты компа­ния­лары бізді қалай жиі жұмысқа шақырса, оған да көп тапсырыс беріп жатса нұр үс­тіне нұр емес пе?! Өткен­де Қазақ­станнан Фран­цияға келген Ханым деген кісі «Мұның бар­лығын Үкімет арқылы істеу керек» деп ақы­лын айтқан еді. Осы орайда осы мақ­сат­ты іске асыру үшін Қа­зақ­стан Үкіметі бізге көмек қолын ұсынса дейміз.Rozovyy i Kremovyy Akvarel Letyaschiy SHrift Svadebnyy Rassadki Plan 6 – Келісерсіз, қазір жастардың көбі те­рі­ден түрлі бұйымдар жасауды қиын­сы­­нып, «заманауи» басқа кәсіп таңд­а­ған­ды қалайды… – Келісемін. Жастардан «Терімен жұмыс істеу қиын» дегенді жиі естимін. Расымен ба­сында қиын болады. Бірақ әрмен қарай бар­лығын үйреніп алсаңыз қиын ештеңесі жоқ. Керісінше, теріден киім тігу – өте қы­зық іс. Бүгінде бұл кәсіппен айналысып жүр­геніме қырық жылға жуық болса да, бұл іске әлі күнге дейін қызығамын. Сосын бұл – «өлмейтін» кәсіп қой. Бұл – Түркияға үдере көшкен қазақтардың ұрпақтары арасында атадан балаға мұра болып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан ата кәсіп. Қазір адамдардың көбі тез баю­дың, ақша табудың жолдарын іздеп, бас қатыратыны белгілі. Дегенмен теріден түрлі бұйымдар жасау арқылы да ақша тауып, кәсіпті дөңгелетуге болады. Сізге мынаны айтайын: бұл индустрияда тігіншінің еңбегі жоғары бағаланады. Оқу оқымаса да, күні-түні тынбай еңбектеніп, сән үйлерінде ті­гін­шілікпен айналысып жүрген қазақтар­дың екі-үштен көлігі бар. Шүкір, барлы­ғы­ның жағдайы жақсы. Тағы бір айта кетер­лігі, өзіңіз білесіз, Louis Vuitton, Chanel компанияларының шүберектен тігілген киімдерінің сапасы өте жоғары. Осындай жерде шүберектен киім тігуден шеберлі­гімен танылған қазақтар да жетерлік. Сондықтан қазақ балаларына тек теріден емес, шүберектен де киім тігуді үйретпекпіз. Одан бөлек, кәсіп жүргізудің де қыр-сырын үйретуге болады. Жалпы айтқанда, қазақ жастарының болашағын жарқын қылу үшін күш-жігер біріктіріп, еңбек еткіміз келеді. Жоғарыда айтып өткенімдей, осын­да келген кәсіпкерлер мен мемлекеттік қыз­метте жүрген қандастарға осындай ойы­мыздың бар екенін айтқан едік, бірақ олар тек басын изеп қойды. Бәлкім, сіз­дер­дің басылымдарыңыз хабаршы болып, Үкіметке жеткізіп қалар. Дегенмен, ел жақ­тан жауап күтіп отырмыз. Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ