Жаңалықтар

Үш бөтелке шарап алған президент жұртты сүйіндірді

Le Silpo супермаркетінен үш бөтелке шарап алған президентті кездейсоқ куәгерлер түсіріп алған.

Аталмыш оқиға Киевтің ортасындағы Бессарабка көшесінде болған. Жанында күзетшілері болған Зеленскийдің дүкенге баруы бұл бір емес. Үнемі осындай іс-әрекетімен елді таңғалдырып жүретін Зеленскийге дейінгі президент – Порошенко да қарапайымдылығымен фотообъектив назарына жиі ілігетін. Зеленский 2019 жылдан Украина президенті. Оған дейін комедиялық актер, сценарист және продюсерлік лауазымдарды атқарған. Отбасылы. Әйелі Елена Зеленскаямен 2003 жылдан бері некеде. 1978 жылы Кривой Рог қаласында дүниеге келген. @sputniklive телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады