Қызғаныштан көңілдесін емес кішкентай сәбиді өлтіріп алған келіншек құрықталды
Қызғаныштан көңілдесін емес кішкентай сәбиді өлтіріп алған келіншек құрықталды
10 айлық сәбидің ата-анасы шаруаларымен қалаға шығып кеткенде, оған қарауға 22 жастағы туыстары Ай-Кысты қалдырып кеткен деп жазады @Lshot телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Оқиға Тыва Республикасының астанасы Қызыл қаласында орын алған.
Ай-Кыс болса, 31 жастағы бірге тұратын жігіті Айдынды ертіп келген. Кешке дейін арақ ішкен екеуі, көңілді отырыстың соңында керісіп қалған. Оған Айдынның бұрынғы әйелінен Ай-Кыстың қызғануы себеп болған. Ашуланған қыз көңілдесіне пышақ ала жүгіргенде кішкентайға сұғып алған. Кішкентай нәресте реанимацияда қайтыс болды. Қамауға алынға күдіктіге тергеу жұмыстары жүруде.