Лақтырып кеткен бе? Ақшаны алған мебельщик жоғалып кеткен
Лақтырып кеткен бе? Ақшаны алған мебельщик жоғалып кеткен
Көктемде ақшасын алған ақтөбелік мебель маманы сол күйі хабарсыз кеткен деп жазады diapason.kz сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. Сәуір айының басында асүй жиһазына тапсырыс берген 38 жастағы ақтөбелік азамат 20 шілде күні полицейлерге арыз жазған. Зардап шегуші келтірілген шығынды 540 мың теңгеге бағалап отыр. Алдын-ала ақшасын алған тапсырысты орындаушы содан кейін байланысқа шықпаған. Полицейлер шығын келтірген адамды тапқан. Ол 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Қазір «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталып кеткен.