Жаңалықтар

Тағы бір қаржы пирамидасының басшысы құрықталды

Тағы бір қаржы пирамидасының басшысы құрықталды

Ол азаматтарға ай сайын 25 пайыз түсім әкелемін деп, криптовалютадан және түрлі қаржылай ойындар арқылы салымшыларға «табыс» әкелуді көздеген. Бұл туралы lenta.ru сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады. Finiko компаниясын құрған Кирилл Доронин Қазан қаласында әрекет еткен. Оның өз сөзінше ол құрған пирамидаға млнға жуық адам қаржы құйған. Ал жергілікті құқық қорғаушылардың пікірінше 80 млн рубль шамасында қаржы жиналса, БАҚ өкілдері 7 млрд рубль шамасында деген болжам жасауда. Осының алдын ресейлік Орталықбанк адамдар қаржы пирамидаларының кесірінен 50 млнға жуық рубль қаржы жоғалтуда деген хабар таратқан. К.Доронин болса 2019-2020 жылдары әрекет еткен.