Елбасы кітапханасының Ә.Рахымжановтың М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің ғалымдарымен кездесуі

06 Қыркүйек, 2019 150 0

6 қыркүйек күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың аталған жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамымен, докторанттарымен, магистранттарымен кездесуі өтті.

Кездесудің модераторы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры Махметқали Сарыбеков өз сөзінде осындай кездесулердің өңірдің ғылыми қоғамдастығы үшін маңыздылығын атап өтті.

Әмірхан Рахымжанов кездесу қатысушыларына Елбасы кітапханасының қызметі мен 3 қыркүйекте Қордай және Шу аудандарындағы іс-шаралардан бастау алған Жамбыл облысында өтіп жатқан «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасына жан-жақты тоқталды. Бұдан басқа, Тараз қаласында кітапхана, архив, музей саласының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге және ғылыми қоғамдастыққа арналған аймақтық кәсіби сессия мен ғылыми-практикалық семинар өтті. Ал кеше, 5 қыркүйекте Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде аталған жобаның ашылу салтанаты өтті.

    

Кездесу барысында Елбасы кітапханасының атынан университетке кітаптар жинағы тарту етілді. Олардың қатарында Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері, отандық және шетелдік авторлардың Елбасы туралы кітаптары, қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениет тақырыптарындағы өзекті әдебиеттер бар.

- Бұл кітаптар жас ғалымдар мен студенттер үшін тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы білімнің құнды көзі болып табылады. Туындыларда еліміздің қалыптасуы мен Елбасымыздың жанкешті еңбегі туралы шынайы деректер, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында халықаралық кеңістіктегі оқиғалардың беделді қатысушысына айналған Қазақстанның болашағына деген көзқарас жинақталған, - деп атап өтті Ә.Рахымжанов.

Өңірдің жас ғалымдарының атынан Жанғазы Молдамұратов сөйледі. Ол Елбасы кітапханасы жобасының әсіресе болашақ тарихшылар үшін ғылыми құндылығын атап өтіп, профессор Ә.Рахымжановқа бірнеше сұрақ қойды.

2017 жылғы қарашадан бастау алған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасымен Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының 900 мыңға жуық тұрғыны танысып үлгерді.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі Жамбыл облысында 2019 жылғы қазан айының соңына дейін жалғасады.

Тегтер: тараз, жамбыл, елбасы, қазақстан, көрме

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.