"Үйдегілер қоштаса бастаған": Ләйлә Сұлтанқызы "арғы өмірге" барып келгенін айтты

09 Қыркүйек, 2019 414 0

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «арғы өмірге» барып келгенін айтты. Ол осыдан 10 жыл бұрын болған оқиғаны еске алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші Instagram желісінде есінен танып, жансақтау бөлімінен біра-ақ шыққан кезі туралы айтты. Бұл жайт Сұлтанқызының басынан 10 жыл бұрын өткен екен.

«Негізі мен «арғы өмірге» бір рет барып келгенмін. Бірақ қап-қара туннельді де, жайқалған жасыл ағашты да көрген жоқпын. Оқиға былай болды: осыдан шамамен 10 жыл бұрын таңертең тұрғаным сол, бір-екі қадам жасай сала талып қалғаным бар.

Жедел жәрдем келем дегенше, үйдегілер менімен қоштаса бастаған ғой. Есімді жисам, жан сақтау бөліміндемін...», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

«Шүкір, бастысы артынан бәрі реттелді» деген тележүргізуші әңгімесін осы жерден үзген. 


Тегтер: ләйла, сұлтанқызы, жаңалықтар, қазақстан, шоу, бизнес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.