Ташкенттегі ҚР Елшілігі Тоқаевтың Жолдауын талқылады

08 Қыркүйек, 2019 105 0

2019 жылы 6 қыркүйекте Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог–Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлады.

Іс-шараға Өзбекстанның белгілі сарапшылары мен саясаттанушылары, жергілікті қазақ мәдени орталығының және Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші БАҚ өкілдері қатысты.

Өз баяндамасында Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды дөңгелек үстелге қатысушыларды Жолдаудың негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, осы саяси құжат парламент, атқарушы билік органдары мен қоғам үшін алдағы кезеңге арналған ҚР дамуының мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын маңызды бағдар болатынын атап өтті.

Дархан Сатыбалды Жолдаудың негізгі тезистері ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына назар аударды. Сонымен қатар, ол ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар Қазақстан-өзбек өзара іс-қимылын, әсіресе сауда-экономикалық саладағы байланысын одан әрі нығайту және кеңейту үшін қолайлы жағдай туғызатынын ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында экономика және саясаттану саласындағы өзбек сарапшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту контекстіндегі Жолдаудың жағдайына қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

Атап айтқанда, «ma 'no» зерттеу бастамалары орталығының директоры Бахтиер Эргашев өз сөзінде Қазақстан Президенті: «Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес». Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз, - деп есептейді. Осылайша, экономикалық реформалар партиялық ұйымдардың рөлін күшейту мен қоғамдық бақылауды ұйымдастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуды талап етеді.

"Білім карвони" мемлекеттік емес ғылыми білім беру мекемесінің директоры Фарход Толипов Қазақстанда да, Өзбекстанда да жаңа басшылық жаңа кезеңде ұқсас міндеттер қойып отырғанын айтты. Сондықтан, сарапшының пікірінше, «екі мемлекет пен олардың халықтары тарихи синхронды режимде дами бастағандықтан, екі елдің даму стратегияларын үндестіруді одан әрі күшейту орынды болар еді».

«Өзбекстан тарихшылары қоғамы» төрағасының орынбасары Шавкатжон Рахматуллаев пен Философия ғылымдарының кандидаты Равшан Назаров ҚР Жаңа Президентінің алғашқы Жолдауы Қазақстанның қазіргі заманғы қоғамының өзекті мәселелерін шешу жолында дер кезінде бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының басшысы Серікбай Үсенов Жолдаудың, атап айтқанда, қоғамдық және этносаралық келісімді нығайту саласындағы маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында Елші қатысушыларға алғысын білдіріп, пікір алмасу және осындай іс-шараларды өткізу екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

 

Тегтер: тоқаев, қазақстан, өзбекстан, жаңалықтар, ташкент, әлем, саясат, дипломатия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.