Үндістанда 74 жастағы келіншек егіз босанды

06 Қыркүйек, 2019 362 0

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының тұрғыны ЭКҰ арқылы 74 жасында егіз босанды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Аурухана директорының айтуынша, Эрраматти Мангаямма кесар тілігі арқылы босанған.  "Операция сәтті өтті. Анасы да, баласы да аман-есен, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда анасы қазір интенсивті терапия бөлімінде жатыр", - дейді дәрігер Hindustan Times-ке берген сұхбатында.  Мангаямма егіздерді емізе алмайды, олар сүтті донорлық сүт шөлмегінен алады. 

 Дәрігердердің айтуынша, 74 жастағы келіншек диабет және гипертензия секілді медициналық асқынулардың болмағанынан сәтті босанған екен. Мангаямма мен 82 жастағы күйеуі Рая Раомен 1962 жылы 22 наурызда шаңырақ құрған. Олар соңғы 57 жылда бала сүйе алмаған. Алайда жасанды ұрықтандырудың көмегімен олар биыл ата-ана атанған.

 

Тегтер: бала, босанды, егіз, Үндістан, ұрықтандыру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.