Жаңалықтар

Тілсіз жаудан баспанасыз қалған шығыс қазақстандықтарға үй берілді

Шығыс Қазақстандықтарда қоныс той. Маусым айында өрт салдарынан үйсіз қалған Риддер қаласының тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Қасиетті Құрбан айтта тілсіз жаудан зардап шеккен 11 отбасы мен тағы бір көпбалалы отбасы жер үйдің   иесі атанды. Кілтті табыстаған жергілікті шенеуніктер қоныстанушыларға үймен қоса, ас үй жиһазын алып бердік, деп мәз. Су жаңа баспана кілтін әлі 20 жанұя алады екен. Естеріңізге салсақ, мамырдың онында Риддердегі Лесхоз ауылында басталған қызыл жалын  жалпы ауданы 290 гектар жерді шарпыған еді. Оның 272 гектары  орман. Сонымен қатар, 30-дан астам тұрғын үй жанып кеткен болатын. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. https://youtu.be/ONw_jwCJdls?t=1231