Жаңалықтар

"Әкімдер ауысады, проблема қалады" Ақтөбеде кейуана әкімнен сөз естіді

"Әкімдер ауысады, проблема қалады" Ақтөбеде кейуана әкімнен сөз естіді

«Маған неге звондайсыз, сіздей шешем шаруама араласпай үйде отырады!». Жол, газ мәселесін шешуді сұраған ақтөбелік тұрғын шенеунік маған осылай әкіреңдеді деп шағым айтты. "Әкім-қара ауысады, ал біздің проблемамыз сол күйі қала береді" деген жұрт газ бен ауыз су мәселесін шешіп беруді сұрайды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Қарақұдық ауылының іргесінен жер учаскелері 2016 жылы беріле бастаған. Содан бері тұрғындар жаппай құрылысты бастап кетіпті. Бүгінде 60-қа тарта түтін бар. 2018 жылы электр желісі тартылған. Әкімдіктегілер іле-шала газ бен су да берілетін күн алыс емес дегеніне сеніп қалдық дейді ауылдағылар. Содан бері үш жыл өтсе ле мұнда не көгілдір отын жоқ, не су құбыры жүргізілмеген. АҚХАНЫМ МЫРЗАБАЕВА, ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Үш жылдан бері от жағып отырмыз. Көмір аламыз, 85 мыңға, ағаш тағы аламыз. Ең қиыны газ болып тұр. Балаларым сабаққа барады. Қыста мықты қорлық көрдік. Бізге әкім жол салып берген жоқ. Мен әкімге звондасам, сіз звондамаңыз, балаңыз звондасын, баламды ұстап алып, мамаңызға неге звондатасыз деп балама сөйлепті. Артынан мен звондап едім, сіз неге звондайсыз, менің сіздей шешем үйде отырады. Ешқандай жұмысыма араласпайды дейді". Газы мен суы жоқ болғасын, ауылдағылар қыс болса амалсыз қалаға барып жан бағады. Баспаналары бола тұра, пәтер жалдауға мәжбүр. Өйткені, отынның өзі 100 мың теңге, ал электр пешті тұтынғанар айына 55 мың теңгеден төлеп, шығынға батқан. Ауыз судың да мәселесі шешілмеген. ГҮЛСІМ КЕНЖЕБАЕВА,ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Суды қаладан алып келеміз, бочкамен, сол жеткенініше стройканы жасаймыз. Су қаздырайық десек қымбатқа шығады, 200 мыңға, моторын сатып аласыңдар дейді. Газды жылда береміз дейді, қу уәдемен шығарып салып жатыр әкіміміз". НАЗЫМ ТӨРЕБАЕВА, ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қазір мен суды қазып алдым, бірақ соның өзін 2-3 қайтара қазып отырмын. Себебі, астындағы топырақ лақтыра береді. Ол қиын қаншама қаражат кетіп жатыр". Қарақұдық ауылы жаңа тұрғын үй массивіне тиіп тұр. Ауылдың орталығында су да, газ да, бәрі бар. Таяқ тастам жерде тұрған қондырғыдан маңайдағы үш үй өз қаражаттарына газ жүргізіп,құжатарын реттеп алған. Әрқайсысы 1 млн теңгеден астам қаражатын салыпты. Ал қалған ауылдықтардың оған шамасы келмейді. Бар үміті  әкімдікте. ЛӘЙЛА САЙДИНА, ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен Ақтөбеге облыс әкімдігіне де бардым, одан кейін районный акиматқа, Аққағазов Мамырғали деген кісіге кірдім. Ол кісі әне жасалады, міне жасалады деп, әрқайсысы проектісін жоғалтып жібереді. Иә қаражат жоқ екенін, иә бар екенін айтпайды, бізді ауызбен шығарып салады. Енді кеше ғана новый әкім келген, 27 апрельден бастап осы 2021 жылы преокт қайта жасатып жатыр деген". Мәулен Ідірісов ауылға әкім болып өткен жылдың қыркүйегінде тағайындалыпты. Көктем шыққалы жаңа аудандағы газ мәселесімен айналысып жүргенін айтты. Бар гәп  жерді бөлу кезінде кеткен қателікте екен. МӘУЛЕН ІДІРІСОВ, ҚАРАҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Газға қатысты кемшілік, яғни аулада бөлінген мысалы, 12 сотық жер болса, ауланың ішімен электр желісі өтіп жатыр. Газбен айналысатын мердігер компаниялар айтады, біз қазір газды осы күйінде жүргізіп өтетін болсақ, ертең осы тұрғынардан арыз түседі. Неге, қателік кімнен кетті. Бұрынғы жері атқан мердігер компаниядан ба, немесе жерді бөліп берген әкімшіліктің шешімінен кетті ма, осы жөнінде анықтама жұмыстары жүріп жатыр". Ауыл әкімі қазір газ жүргізуге қатысты жобалық-сметалық құжаты жасалып жатқанын жеткізді. Жылдың аяғына дейін проблема шешілуі тиіс дейді. Ал егер жұмыстар аяқталмайтын болса, осы уақытқа дейін қателік жіберген мердігер компанияны сотқа беретіндерін айтты https://www.youtube.com/watch?v=V24OjeJeQmg